Колумбиялық БАҚ елде өткен ереуіл кезінде бір адам қайтыс болғанын хабарлады.
Колумбия астанасында ереуілшілерді тарату кезінде оңтүстік Усма ауданында кем дегенде бір адам қаза тауып, 40 адам жарақат алғаны хабарланды.
Тәртіпсіздікке қарсы күрес жөніндегі мобильді жасақ (Esmad) наразылық білдірушілерді таратып, оларға көзден жас ағызатын газ қолданды. Гранаталардың бірі 33 жастағы Хайма Алонсоның кеуде тұсында жарылып, ауа жетпей тұншыға бастады. Күйдіргіш газдың түтіні салдарынан оған шұғыл көмек көрсетілмей, госпитальға барар жолда жан тапсырды.
Богота әкімшілігінің кеңесшісі Хейди Санчес Алонсоның қаза болғанын естіп, елордада өтіп жатқан ереуілдерде үшінші адам қайтыс болғанын атап өтті. Ереуілдер елордада және өзге де қалаларда сәуір айының соңынан бері жалғасып келеді.
Өз кезегінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері Esmad сарбаздар мен елордалық полиция «ереуіл кезінде тәртіпті сақтау үшін қолданыстағы нұсқамаларға сай әрекет етпейтінін» атап өтті. Олар құқық қорғау органдарының қызметкерлері халықты қатаң басып жаншып жатыр деп айыптап отыр.
Құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, Колумбияда наразылық шаралары кезінде кемінде 74 адам, олардың ішінде 20-сы оқ жарақатынан көз жұмған. Алайда колумбиялық прокуратура тек 20 шерушінің қаза тапқанын мойындап отыр.
Колумбияда 28 сәуірден бері салық реформасына қарсы шерулер өтіп жатыр. Богота, Қали, Медельина және басқа қалаларда тәртіпсіздікке ұласып кетті. Кейінірек үкімет басындағылар реформа жоспарына өзгерістер енгізуге келісіп, қаржы министрі отставкаға кетуге өтініш білдірді. Алайда, өткен аптада ереуіл комитеті жаппай ереуіл уақытша тоқтатылғанын жариялағанына қарамастан, наразылық шаралары жалғасуда.