Армения парламентіне үш партия өтті

Арменияда Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы парламенттің кезектен тыс сайлауда басым дауысқа ие болып, 53,92% дауыс жинады.

Үкіметте жалғыз өзі құру үшін небәрі 0,08% жетпей қалды

ОСК 2008 учаскедегі барлық дауыстарды санағаннан кейін осылай деп жариялады.

ОСК мәліметінше, екінші орында экс-президент Роберт Кочарянның «Армения» партиясы — 21,04%.

Одан кейін экс-президент Сержас Саргсянның «Намыс» блогы (5,23% дауыс) және Гагик Царукянның «Гүлденген Армения» партиясы (3,96%) тұр. «Республика» партиясы 3,04% дауыс, қалған саяси партиялар 2%-дан аз дауыс жинады. Партиялар үшін сайлау шегі — 5%, блоктар үшін — 7% дауыс жинауы қажет.

Жексенбі күні Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Оған 25 партия мен блок қатысты. ОСК мәліметі бойынша, жексенбі күні сағат 19:00-ге дейін дауыс бергендердің саны 49,4%-ды құрады.

Добавить комментарий