Қазақстан билігі несиелер бойынша ипотекалық сыйақы мөлшерлемесін төмендетті. Енді ең жоғарғы пайыз бұрынғыдай 56 пайызды емес, 25 пайызды құрайтыны хабарланды.
Ұлттық банк кредиттік ұйымның түріне және қарыз түріне байланысты сыйақының сараланған шекті мөлшерлемесін енгізді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік ұйымның түрі мен қарыз түріне байланысты сыйақы мөлшерлемесінің сараланған шекті мәнін енгізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
2011 жылдан бастап банктік займ мен микронесиелердің барлық түрлері бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме бірыңғай болды және 56%-ды құрады. 2021 жылғы наурызда агенттік қабылдаған қаулфға сәйкес, банктік қарыздар мен микронесиелер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі сараланды:
кепілсіз банк несиелер бойынша — 56% деңгейінде сақталды;
кепілзаттық банк несиелері бойынша — 56%-дан 40%- ға дейін төмендеді;
ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша-56%-дан 25%-ға дейін төмендеді;
микрокредиттер бойынша (кепілзаттық және кепілзатсыз) — 56% деңгейінде сақталды;
45 күнге дейінгі мерзімге және 50 АЕК дейінгі сомаға берілетін кепілзаттық микронесиелер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.
СЖТМ деген не және ол қалай есептеледі
Банктердің, басқа да қаржы ұйымдары сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін асырса, ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.
Қарыз бойынша СЖТМ мәнін агенттіктің сайтында өз бетінше есептеп, тексеруге болады.