Алматы хайуанаттар бағындағы су қоймаларын қалпына келтіруге 286 млн теңге бөлінеді

Алматы билігі қаладағы хайуанаттар паркінің аумағында орналасқан тоғандарды ретке келтіруге ниетті.

«Тапсырыс беруші — «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы»; атауы — жағалау/порт/бөгет/шлюз құрылыстарын жөндеу жұмыстары; қосымша сипаттама — «Алматы хайуанаттар бағы» КМКҚ тазарту құрылыстарын пайдалана отырып, тоғандарды реконструкциялау және абаттандыру; жоспарлы сома — Т 286 498 929″, — делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 17 маусымда сағат 17:20 басталады және 2 шілде сағат 17:20-де аяқталады.

Добавить комментарий