Браконьерлерден бір тонна бекіре тәркіленді

Атырау облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында браконьерлік фактілерін анықтады. Атырау облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шара басталғалы балықтың заңсыз айналымына байланысты 246 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Шара барысында тәртіп сақшылары 2 тонна балық, оның ішінде 1 тонна бекіре тұқымдас балық, 239 балық аулау құралы және 12 жүзу құралы тәркіленді. «Бекіре-2021» іс-шарасы барысында 16 қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий