Франция Президенті Макрон Таулы Қарабақ аумағында орналасқан және соғыс қимылдарының нәтижесінде жойылуы мүмкін мәдени мұра нысандарын сақтап қалу маңызды екенін мәлімдеді.
Ол сондай-ақ Франция Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілікті қалпына келтіруге және диалогты дамытуға атсалысатынын хабарлады.
Франция президенті Эмманюэль Макрон Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Николай Пашинянмен Парижде өткен кездесу барысында осылай деп мәлімдеді.
«ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағасы ретінде Ресей мен АҚШ-пен бірге Франция тікелей, екіжақты қарым-қатынастың жағдайды ушықтырмай және оны қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ниетті», — деді француз басшысы. Ол «жақында [Армения мен Әзірбайжан] шекарасындағы оқиғаларға байланысты оны делимитациялау күш қолданбай, тек келіссөздер арқылы жүзеге асырылуы тиіс» деп атап өтті.
Макрон «Әзірбайжан әскерилері Армения аумағынан кетуі керек» деп атап өтті. «Тараптар 11 мамырда тұрған өз позицияларына қайта оралуы керек», — деп баса айтты Франция Президенті.
Сонымен қатар, ол «Таулы Қарабақта атысты тоқтату режимі жаһандық түрде сақталып отырғанын, бірақ әлі де көп іс атқарылу керек екенін» атап өтті. «Франция бейбіт халыққа қолдау көрсетуін жалғастыруға дайын», — деп сендірді Макрон. «Мені сондай-ақ барлық тұтқындарды босату, гуманитарлық ұйымдардың қолжетімділігіне шектеуді алып тастау қажеттілігі және мина қойылған аймақтардың күрделі мәселесі алаңжатады», — деп жалғастырды ол.
Француз көшбасшысының айтуынша, «Таулы Қарабақтағы мәдени мұраны қорғау мәселесі өте маңызды». «Мұсылман және христиандардың тарихи мұрасы сақталуы тиіс», — деп атап өтті Макрон.
«Армения тап болған күрделі контексте, әдеттегідей, Франция бірінші кезекте гуманитарлық жоспар бойынша онымен бірге», — деп сендірді республика президенті. Ол Париждегі пікірталас орталығында экономикалық ынтымақтастық мәселелері де бар екенін атап өтті. «Франция мен Армения көптеген секторлар бойынша, соның ішінде климаттық өзгерістермен күрес бойынша міндеттемелер үшін ынтымақтасады. Осы мәселе біздің елдеріміз үшін басымдыққа ие», — деп француз көшбасшысы Пашинянға сапары үшін алғысын білдірді.