Денсаулық сақтау министрлігі Алматының қызыл аймақтан шыққанын хабарлады. Ал Республика астанасы, Ақмола және Қарағанды облыстары бұрынғысынша COVID-19 бойынша қолайсыз аймақта.
«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО.
«Жасыл» аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
Қызыл аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола облысы, Қарағанды облысы.
1 маусымдағы жағдай бойынша КВИ-ден 26 393 адам емделуді жалғастыруда.