Чехия Ресеймен достық қатынас орнатпаған мемлекеттердің тізімінде болғысы келмейді

Чехия Ресеймен қайтадан достасқысы келе ме?

Прага өз еліне қатысты Ресеймен достық қатынас орнатпаған мемлекет терминін қолдануды тоқтатуды сұрайды.

Мәскеуді өздерін осы «қара» тізімнен алып тастауға және тізімде болғанына байланысты шара қолданбауға шақырады.

«Чехия үкіметі Ресей билігін өздеріне қатысты «достық қатынас орнатпаған мемлекет» терминін қолдануды тоқтатуға шақырады», — деп мәлімдеді дүйсенбі күні республиканың СІМ өкілдері.

Чех тарапының пікірінше, бұл екіжақты қарым-қатынастағы шиеленісті азайтуға септігін тигізеді.

«Өзара қарым-қатынастағы шиеленісті азайту мақсатында Чехия РФ-ны республиканы және басқа да мемлекеттерді Ресейге қатысты достыққа жатпайтын әрекет етіп жатқан елдер деп танудан бас тартуға және осыған байланысты шаралардың күшін жоюға шақырады», — делінген елдің СІМ сайтында жарияланған хабарламада.

Добавить комментарий