Қазақстанның басым аумағында дауыл тұрады деп деп күтілуде, синоптиктер 11 облыстың тұрғындарына ескерту жариялады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 мамырда күндіз Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды, оңтүстік, оңтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде 38 градусқа дейін ыстық, төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Орал қаласында күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады деп күтіледі.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз 40-43 градусқа дейін ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 43 градусқа дейін ыстық болады.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін ыстық болады. Оңтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда түнде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді. Павлодарда оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз найзағай ойнайды.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстіктен соққан жел күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.
Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай ойнайды. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
29-30, 31 мамырда күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жауады. 29-31 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 29-31 мамырда күндіз 38 градусқа дейін ыстық болады. Таразда 29-31 мамырда күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысында 31 мамыр-1 маусымда кей жерлерде найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, 31 мамырда күндіз, 1 маусымда тәулік бойы кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 31 мамыр-1 маусым күндіз кей жерлерде 35-38 градусқа дейін аптап ыстық сақталады, өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 31 мамырда күн күркірейді. 31 мамыр-1 маусымда күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады.