ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлерінің кездесті.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі Роман Головоченко мен Асқар Мамин сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп салаларындағы, фармацевтика мен денсаулық сақтаудағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективасын талқылағанын хабарлады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.
2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $175,6 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Қазақстанда 40% деңгейінде жергіліктендірумен ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша ҚР мен БР 8 бірлескен кәсіпорны белсенді жұмыс істейді.