Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның баспасөз қызметі төрт су қоймасында шомылуға болатынын айтты.
«Қала аумағы арқылы 28 шағын өзен ағып өтеді, сонымен қатар қала ішінде 26 су қоймасы бар. Алматыда суға түсуге рұқсат етілген төрт орын бар: 1. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы — Баум тоғайы; 2. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы — «Гүлдер» демалыс аймағы; 3. Сайран көлі — Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 300 м; 4. Сайран көлі — Төле би көшесінен пирске дейінгі оңтүстік бағытта 300 м.
Қазіргі уақытта Д. Қонаев атындағы ҮАК-те су жоқ, ағымдағы жылы оны сумен толтыру жоспарланбаған. Сайран көлінде су жіберу 25 мамырдан басталады. Онда Алматы қаласының Құтқару қызметінің маусымдық бекеті орнатылады. Әуежай көлінде стационарлық құтқару бекеті жұмыс істейді.