Нағыз дос басыңа іс түскенде білінеді: Қазақстандық әуекомпания Минскіге ұшуды тоқтатты

Қазақстандық әуекомпаниялар енді Минскіге ұшпайды. Беларуське ауысып отырумен баруға тура келеді.

Бұл ретте әуекомпания басшылығы рейстерді тоқтатуға Минскіге сұраныстың төмен болғандығымен байланысты деп мәлімдеді. Алайда, 31 мамырға жоспарланған Алматы-Минск рейсінің тоқтатылғаны 24 мамыр күні кешке хабарланды.

Басшылық коммерциялық жүктеменің аздығымен байланысты Алматы-Минск бағыты бойынша әуе қатынасын тоқтату туралы шешім 20 мамырда қабылданғанын мәлімдеді.

«Жолаушыларға рейс ұшырылмайтыны туралы хабарлама сол күні жіберілді», — деп хабарлады әуекомпания.

Мамыр айының басында әуекомпания 31 мамырдан бастап Алматы-Минск бағытындағы рейсте қайта басталғанын жариялаған. Ұшақтар аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшуы керек болатын.

Добавить комментарий