Чехия Сыртқы істер министрлігі Ryanair әуекомпаниясының рейсі мәжбүрлі түрде қонуына байланысты Беларусь елшісіне наразылық білдірілетінін хабарлады.
Хабарланғандай, Беларусьтің Чехиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы бүгін, 2021 жылғы 24 мамырда, дүйсенбі күні СІМ-ге шақырылады. Бұл туралы жексенбі күні елдің дипломатиялық ведомствосының басшысы Якуб Кулганек Twitter парақшасында мәлім етті.
«Мен Беларусь елшісін СІМ-ге шақыру туралы шешім қабылдадым, — деп атап өтті саясаткер. — [Беларусь билігінің] Беларусь әуе кеңістігінде Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқаг [Ryanair әуекомпаниясының ұшағын] мәжбүрлі түрде қонлдыруына байланысты қатаң наразылық білдірілетін болады».
Естеріңізге сала кетейік! Афина — Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан ирландиялық бюджеттік Ryanair әуекомпаниясының ұшағы жексенбі күні бортта жарылғыш зат бар деген хабарламадан кейін Минск әуежайына қонған. Бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Беларусьте аталған ұшақта билік іздеу салған Nexta экстремистік телеграм арнасының негізін қалаушылардың бірі Роман Протасевич болғаны нақтыланды.
Оны Беларусь құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады. Жексенбі күні кешке ұшақ Минск ұлттық әуежайынан ұшып шығып, көп ұзамай Вильнюсте қонды.