Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 25 жағдай өліммен аяқталды.
Деректі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирустан 22 науқас қайтыс болды, тағы үш адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Қазақстанда коронавирустық инфекциядан барлығы 4 095 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан — 863 науқас қайтыс болды (2020 жылғы 1 тамыздан бергі мәлімет бойынша).
18 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 151 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 756 адамның жағдайы ауыр,
- 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.