Ауа райы: Қазақстанда ыстық ауа райы болады

Қазақстандық синоптиктер Қазақстанда ауа температура 29 градусқа дейін көтерілуі мүмкін деп хабарлады

Синоптиктер ертең Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты. Хабарланғандй, ауа температурасы көтеріледі.

Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, солтүстікте тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10 +12°С, күндіз +22 +24°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8 +10°С, күндіз +17 +19°С болады.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13 +15°С, күндіз +27 +29°С болады.

Добавить комментарий