ДДҰ үндістандық штамм қауіпті деп мәлімдеді

Коронавирустық инфекцияның үндістандық штамына жаңа қауіп-қатер дәрежесі берілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустың B.1.617 үндістандық штаммын «назар аудару» санатынан «алаңдаушылық» санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BBC хабарлады.

ДДҰ мәлімдегендей, алдын ала зерттеулер бойынша бұл штамм басқаларға қарағанда тез жұғатынын көрсетті және сол себепті одан әрі зерттеуді қажет етеді. Осы санатқа ДДҰ бұған дейін Ұлыбритания, ОАР және Бразилияда алғаш рет табылған штаммдарды енгізген болатын.

Егер вирус бірнеше критерийдің кем дегенде біреуіне дәл келетін болса, атап айтқанда, тез жұғатын (оңай таралатын), аурудың ағымы ауыр болса немесе антиденелерге, дәрі-дәрмек пен вакцинаға қарсы төзімді болса ДДҰ штамды «алаңдаушылық» санатына ауыстырады.

ДДҰ мәліметінше, бүгінде үндістандық штамм әлемнің 50-ге жуық елінде, соның ішінде АҚШ, Франция және Сингапурда тіркелді.

Добавить комментарий