Көтерілісшілер ОАР астанасына шабуыл жасалатынын жариялады

Жергілікті БАҚ көтерілісшілер Орталық Африка Республикасының астанасына шабуылдауға дайындалып отырғанын айтты.

Corbeau News порталының хабарлауынша, көтерілісшілер парламентті таратып, «ұлттық құтқару үкіметін» қалыптастырмақ

ОАР «Өзгеріс үшін патриоттар коалициясы» көтерілісшілерінің басшылығы үкіметтік күштерге қарсы соғыс қимылдарын қайта бастағанын жариялады. Бұл туралы сәрсенбі күні Corbeau News жаңалықтар порталы коалиция қолбасшылығы жариялаған мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Көтерілісшілер билікпен келіссөздерді тоқтатып, ел астанасы Бангиге шабуыл жасалатынын жариялады, деп хабарлайды портал. Оның мәліметінше, көтерілісшілердің көшбасшылары парламентті таратып, «ұлттық құтқару үкіметін» құруға ниетті. Corbeau News хабарлағандай, көтерілісшілер коалициясының басшылығы елдің солтүстік-батысында орналасқан және Чад аумағына жиі баратын бұрынғы ОАР президенті Франсуа Бозизенің қолында.

ОАР-да 2020 жылдың 18 желтоқсанында құрылған үкіметке қарсы «Өзгеріс үшін патриоттар коалициясы» елде президенттік және парламенттік сайлау өткізуге жол бермей, елдің астанасын қоршауға алмақ болып, атыс-шабысты бастады. Үкімет күштері ОАР-ның халықаралық одақтастарының қолдауымен Банганың бұғатталуына жол бермеді және көтерілісшілер жасақтарын кері шегіндірді. 2020 жылғы 27 желтоқсанда өткен президент сайлауда Фостен-Арканж Туадер жеңіске жетіп, екінші мерзімге қайта сайланды, 50%-ден астам округте парламенттік сайлауы өтті. Президент дереу ұлттық татуласуға шақырды. Алайда көтерілісшілер қаңтар айының соңында Бангиге жаңа шабуыл жасалатынын жариялады.

ОАР үкіметтік әскерлері халықаралық одақтастардың қолдауымен елордаға шабуылдарды тоқтатып, ақпанның басында көтерілісшілердің қолына өткен маңызды орталықтарға стратегиялық шабуыл операциясын бастады. Содан бері елдің батысындағы, солтүстігіндегі және шығысындағы ондаған қала мен стратегиялық маңызды кенттер мемлекеттің бақылауына өтті.Көтерілісшілер ауылдық жерлерге және тропикалық ормандарға бой тасалауға мәжбүр болды. Парламенттік сайлаудың екінші кезеңі ОАР-да 14 наурызда өтті. Парламенттің жаңа құрамының бірінші сессиясы 3 мамырда ашылды.

Добавить комментарий