Қырғызстанмен шекарада екі жер сілкінісі тіркелді

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 12 мамырға қараған түні шағын аралықта болған екі жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпулері Алматы уақытымен сағат 22:44 және 00:12-де тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 200 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 8.7. және 8.5.

MPV магнитудасы — 4.2.

Эпицентр координаттары 42.63°с.е. 79.24°с.д.

Тереңдігі 15 шақырым.

Сезілу туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ

Добавить комментарий