Лукашенко қайтыс болған жағдайда биліктің ауысуы туралы декретке қол қойды

9 мамырда Минскіде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко конституциялық құрылымды және мемлекеттің егемендігін қорғау мақсатында декретке қол қойды.

Құжаттың мазмұнында былай делінген: «ұлттық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету, жаһандық сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер жағдайында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қол қойылды».

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі 2021 жылғы 9 мамырда «Егемендік пен конституциялық құрылысты қорғау туралы» №2 декретке қол қойылғанын хабарлады

Құжатта «ел басшысы қастандық, терроризм актісі, сыртқы агрессия, өзге де зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапқан жағдайда барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне сәйкес әрекет етеді. Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына премьер-министр басшылық етеді.

Бұл ретте ел аумағында дереу төтенше немесе соғыс жағдайы енгізіледі, ал Қауіпсіздік кеңесі оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тізімін айқындайды».

Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін барлығы еш қарсылықсыз орындауға міндетті.

Негізгі мәселе сайлау өткізу мәселесі болмақ.

Қауіпсіздік кеңесі губернаторлардың қатысуымен оны өткізу туралы шешім қабылдайды.

Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған.

Ол қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий