Алматы қаласының полиция қызметкерлері қылмыстық топ жасаған бірқатар пәтер ұрлығын ашты. ҚР ІІМ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, теміртаулық 3 күдіктінің ұсталғаны белгілі болды, олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған.
Тергеу қорытындысы бойынша, бұл топ қаланың Бостандық, Әуезов, Алмалы және Жетісу аудандарында жүрген. Полицейлер қаланың көпқабатты үйлері көптеп орналасқан орындарда болған тоғыз пәтер тонауына қатысы бар екенін анықтады.
Күдіктілер жалдамалы пәтерде ұсталды. Дәл сол жерде, тінту кезінде басқа адамдардың үйіне баратын кезінде қолданған кілттер, шебердің кілттері және басқа да қолданатын құралдар тәркіленді
«Күндізгі сағат төрттер шамасында олар кілт таңдау арқылы Сыпатаев көшесіндегі үйлердің біріне кіріп, сол жерден 300 мың теңге мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен», — деді ІІМ.
Қазіргі уақытта басқа қылмыстық эпизодтарды, сондай-ақ ұрланған мүлікті сату арнасын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде
Күдіктілер тұтқындалып, қамауға алынды.