Қазақстан мен Қытай Қорғас трансшекаралық өзенінде су қоймасын салу жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, Келіссөздер жүргізілуде.
Мамандар мен фермерлердің пікірінше, бұл су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қазақстан мен Қытай Алматы облысы Панфилов ауданы Басқұншан ауылындағы Қорғас өзеніндегі «Достық» біріккен су торабында су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұл мәселе екі елдің үкіметтері деңгейінде қаралып, жобалық-сметалық құжаттама жасақталады».
Нысан Қытаймен шекарада, трансшекаралық Қорғас өзенінің бойында орналасқан. 2013 жылы пайдалануға берілген біріккен су торабы 14,5 мың га аумақты құрайды. Құрылымның су өткізу қабілеті 456,0 м3/с. Дегенмен, соңғы үш жылда аталған су торабында судың аз келуі, климаттық жағдайдың өзгеруі, диханшылар үшін өзекті мәселеге айналды. Жергілікті мамандар мен шаруақожалық иелері Қорғас өзені бойына су қоймасын салу арқылы, аталған мәселенің шешу жолы екендігін атап өтті.
«Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов ауданныңы жергілікті атқарушы органмен бірге жүрмелі жиын өткізіп, онда шаруагерлердің көтерген мәселелері қаралды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша «Қазсушар» РМК өкілдері жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, Қорғас өзенінде жаңа су қоймасын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және Үкіметке ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылдады.