Мамырда ауа райы қандай болады: қазақстандық синоптиктердің болжамы

Синоптиктер 2021 жылдың мамыр айында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты. Болжамдарға сәйкес, осы айда еліміздің бірқатар өңірлерінде үсік жүруі мүмкін.

Сәуірден мамырға дейін жауын-шашын ҚР солтүстік жартысында және еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы, тау бөктерлі аудандарында көбейеді. Мамыр айында ұзақ жылудан кейін суық ауа райы қайталануы мүмкін.

Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, суық ауа райы оңтүстік өңірлерде мамырдың бірінші жартысында, ал солтүстік өңірлерде — айдың соңында аяқталады, бірақ кейбір жылдары оңтүстік өңірлерде үсік мамырдың аяғында, солтүстік және шығыс өңірлерде маусым айында болуы мүмкін.

3 мамырдан бастап Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Каспийдің оңтүстігінен жылы ауа массаларын шығуына байланысты елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және ауа температурасы жоғарылайды деп болжанады: республиканың басым бөлігінде түнде +10+15°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-қа дейін; еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында термометр бағандары түнде +15+20°С, күндіз +30+38°С белгісіне жетеді.

Тек Қазақстанның батыс жартысында Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз ауа температурасы +20 +28°С +13 +18°С дейін ауытқиды. Бірінші онкүндіктің ортасында атмосфералық фронттардың батыстан шығысқа қарай ығысуымен республика аумағының кей жерлерінде екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр және күн күркіреуі байқалады Бірінші онкүндіктің соңында батыс антициклоны әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде температураның 5-10°С қысқа мерзімді төмендеуі күтілуде, солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Консультативтік болжамға сәйкес, суық толқын екінші онкүндікте де күтіледі, елдің солтүстік жартысында ауа температурасы 5°С, күндіз +10 +15°С-қа, оңтүстік жартысында түнде +3 +10°С-қа, күндіз +12 +20°С-қа төмендеуі мүмкін.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде, жылудың қарқынды толқындары кезінде солтүстік өңірлерде жазғы ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы +25 +33°С-қа дейін, оңтүстік жартысында +30 +38°С -өа дейін жоғарылайды. Ескертпе: бір айға арналған ауа райы болжамын консультативтік болжам ретінде қабылдап, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

Добавить комментарий