Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін. 2021 жылы 29 сәуір күні барахолкада өрт шығып, өрт сөндірушіілер тілсіз жауды тез арада сөндірді.
Өрттің аумағы 40 шаршы метрді құрады.
«Алматыдағы “Кенжехан-1” базарында өрт сөндірілді», — деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Сағат 9:25-те өрт сөндірушілер Алатау ауданында орналасқан, Солтүстік айналма тас жолының бойындағы «Кенжехан-1» базарында контейнерлердің өртенгені туралы шақыртуға шыққан.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минуттан кейін жеткен соң, авто бөлшектер бар қос қабатты үш контейнердің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт көрші контейнерлерге таралады деген қауіп болды.
Өрт сөндірушілер сағат 9.49-да өртті сөндірді. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және он бірлік техника жұмылдырылды.