Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырғанын хабарлады. «Құрметті достар!Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын. Біз сенаттағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Өкінішке қарай, пандемияға қатысты жағдай әлі болған жоқ Біз бәрімізге өзімізге және жақындарымызға қамқор болуымыз керек, деп атап өтті ол әлеуметтік желілердегі парақшасында.