Алматыны дамытуға бір триллион теңге инвестиция салынды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тарту жөніндегі кеңес өткізді, оның барысында қала экономикасын тұрақты дамыту үшін негізгі капиталға қаражат тартудың одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.

Әкімдіктің мәліметінше, 2021 жылы Алматының негізгі капиталына триллион теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Қабылданған шаралардың арқасында, оның ішінде Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында қарқыны төмен аудандар экономикалық белсенділігін арттырады. Бүгінде Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарына қаланың барлық инвестицияларының 35%-ы тиесілі.

Қалада 2021 жылы жалпы құны 363,4 млрд теңгені құрайтын 87 жобаны іске асыру жоспарланды, бұларда 10,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады.

Бұған дейін Алматы әкімі шағын өндірістік парктерді құру жобасымен танысқан еді. Оларға 4 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады, ондаған шағын кәсіпорындар мен мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жоспарлы түрде жүзеге асып жатқан шаралар және инвестицияларды тартудың кешенді әдісі экономиканың, ШОБ салаларының және өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Добавить комментарий