Талдықорған полициясы жүргізген тексеру жұмыстарынын кейін жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.
ІІМ ұсынған ақпаратқа сәйкес, 11 лауазымды тұлға полиция қызметкерлері жүргізген тексеру жұмыстарынан кейін Талдықорғандағы көше-жол желісінің нашар жағдайы үшін жауапкершілікке тартылды.
«Жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талдықорған қаласының әкімдігіне көше-жол желісінің жай-күйі және оны күтіп ұстаудағы олқылықтар туралы жеті ақпарат жолданды», — деп хабарлады жұма күні Талдықорған ОДТИ ОАП ПБ аға инспекторы Елдар Өтепбергенұлы.
Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері көше-жол желісін күтіп ұстауға тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығындағы 72 көшеде тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлық анықталған кемшіліктер бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне олқылықтарды жою жөнінде осындай ұйғарымдар жіберілді.
«Үш айдың ішінде жіберілген нұсқамаларға 65 жауап алынды», — деп нақтылады ведомстводан.
Полицияның хабарлауынша, жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін жоғарыда аталған ұйымдардың учаске бастықтарына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды.