Қазақстанның барлық аумағында балық ресурстарын заңсыз аулау фактілерін анықтауға бағытталған «Нерест» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Оны өткізу аясында полиция қызметкерлері, «Балқаш — Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» және «Балық шаруашылығы ассоциациясының» өкілдері Ford Transit автокөлігін тоқтатты. Көлік рөлінде Алматы облысының 38 жасар тұрғыны отырды. Көліктің багажын тексеру кезінде тәртіп сақшылары 173 килограмм түрлі балық табылып, тәркіледі. Ұсталған адамда өзімен бірге балық аулауға рұқсат беретін құжаттары болмаған.
«Мемлекетке келтірілген залал сомасы 667,5 мың теңге деп есептеліп отыр. Іс материалдары объективті шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберіледі», — деп атап өтті Алматы облысы ПД Табиғат қорғау полициясы тобының инспекторы Бағлан Қанашұлы Рымжанов көрінді.
Естеріңізге сала кетейік! Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2021 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен Балқаш-Алакөл бассейнінің балық шаруашылығы су айдындарында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынды.