Ақтауда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті ер адам ұсталды

Ақтауда полицейлер 13 ықшамауданда орналасқан дүкенге қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Еркек сатушыға шабуыл жасап, әйелді ұрып-соғып, ақша қаражаты мен телефонын тонап кетті.

Желіде болған оқиғаның видеосы пайда болды.

Сыртқы бейнебақылау камераларына ер адамның дүкенге кіріп, сатушы отырған үстелге барып, тұншықтыру әдісін қолданып құлатқан сәті түсіп қалды. Әйел есінен танып құлағаннан кейін ер адам оның басынан тепкен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, шабуыл сәуірдің 22-і күні түнгі сағат 03: 07-де жасалға22 сәуірде түнгі сағат 03:07-де болған. Күдікті ұсталды.

«102» кезекші пультіне белгісіз адам дүкенде сатушыға ұрып-соғып, қарақшылық шабуыл жасап, ақша қаражаты мен ұялы телефонды ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазір күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция шабуылға ұшыраған сатушы аман қалғанын хабарлады.

Добавить комментарий