Түнгі уақытта ересектерсіз көшеде жүрген 230 кәмелетке толмаған бала ұсталды

СҚО Полиция департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес, бес күн өткен облыстық «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ересектерсіз көшеде жүрген 230 кәмелетке толмаған бала ұсталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

Операцияға 400-ден астам полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері тартылды. Түнгі рейд кезінде ювеналдық полицейлердің басты назарында кәмелетке толмағандардың жүруі мүмкін жерлер болды, яғни ойын-сауық орындары, саябақтар, скверлер, көшелердің түкпір-түкпірлері және үй аулалары.

Полицейлер тексерістің негізгі мақсаты ескерту жасап, хаттама толтыру емес, кәмелетке толмағандардың арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті. Полицейлер мен педагогтардан басқа рейдке жастар бастамалары бөлімінің өкілдері, қалалық әкімдіктің қызметкерлері және блогерлер белсенді қатысты.

Облыста өткізілген 5 жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицияға 230 кәмелетке толмаған жеткізілген. 301 құқық бұзушы анықталған, оның ішінде 198-і түнгі уақытта үйден тыс жерде не ойын-суық орындарында болғандары үшін. 14 кәмелетке толмаған және 42 тұрмысы қолайсыз отбасы профилактикалық есепке, тізімдік есепке 22 кәмелетке толмаған қойылды. Құқықтық тақырыпта 291 қоғамдық іс-шара өткізілген, оның 261-і дәрістер мен әңгімелесулер және 30-ы дөңгелек үстелдер.

Добавить комментарий