Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 2021 жылғы 21 сәуір күні еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

20 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Петропавлда 21 сәуірде күндіз солтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылордада 21 сәуірде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында 21 сәуірде күндіз батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.

Орал қаласында 21 сәуірде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады дп күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз кей жерлерде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақтауда 21 сәуірде күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Атырауда 21 сәуірде шаңды дауыл күтіледі, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 сәуірде Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -7 + 9°С, күндіз +8 +10°С жылы болады. 22 сәуірде көшпелі бұлт шығады, ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 °С аяз, күндіз 5-7 °С жылы болады.

23 сәуір — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 °С аяз, күндіз 7-9 °С жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +7 +9°С жылы, күндіз одан әрі төмендейді. 22 сәуірде оңтүстік елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады. 23 сәуір — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады.

Шымкентте 21 сәуірде түнде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 22 сәуір күні — көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.

23 сәуір — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Түркістанда 21 сәуір күні түнде және таңертең күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Добавить комментарий