Із-түссіз жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды. Ол биыл 6 ақпанда үйінен шығып және қайтып оралмаған.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Наурыз Әйтекешевтің денесі қала маңындағы Талғайран ауылы аумағында орналасқан шаруа қожалығының контейнерінен табылды.
Мүрдені қарау кезінде күштеп өлтіру белгілері байқалмады. Барлық тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін ғана нақты өлімнің себебін айтуға болады. Бұған дейін Атырауда психикалық ауытқуы бар ер адам жоғалып кеткені хабарланған болатын.