Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында елдер арасындағы қарым-қатынастың даму қарқынына жоғары баға берді.
«Тараптар әр түрлі деңгейдегі өзара сапарлардың және бірлескен келісімдерді жүзеге асырудың арқасында екіжақты сауда айналымы көлемін жылына 1 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты», — делінген Елбасы сайтында.
Тараптар Қазақстан мен Беларусь үкіметтерінің коронавирус пандемиясын еңсеруге бағытталған шаралары туралы пікір алмасты.
Елбасы мен Беларусь Президенті екі ел арасындағы, соның ішінде Еуразия экономикалық одағы аясындағы қарым-қатынастар одан әрі нығаятынына өзара сенім білдірді.
Соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылады.