Ақмола облысы: жедел жәрдем көлігіне оқ атылды

Ақмола облысында белгісіз біреу жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жолда жедел жәрдем көлігіне оқ атты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автокөлікке кімнің оқ атқанын анықтап жатыр.

Бұл жайт Щучинск қаласында орын алды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің өздері аң-таң.

«Шоссейная көшесінің бойымен келе жатқанбыз. Оқ атылды. Көлік ешкіммен соқтығысқан жоқ», — деді фельдшерлер.

Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция аталған фактіні растап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Добавить комментарий