Қазақстандық ірі тауық жұмыртқасын өндірушілер бағаны өсіру жайлы сөз байласқан

Бүгінгі таңда елімізде 34 ірі құс фабрикасы жұмыс істейді. Мониторингтік топтардың тексеруі кезінде отандық 13 тауық жұмыртқасын өндірушілердің әрекеттерінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды.

Елдегі әрбір екінші ірі жұмыртқа өндірушінің әрекетінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.

«Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа құнының өсуі 11,5 пайызды құрады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бағаның 1,4 пайызға төмендеуі байқалды. Өңірлерде тауық жұмыртқасы:

  • Семейде- 22,4 пайыз;
  • Өскеменде — 21,6 пайыз;
  • Қостанайда — 16,5 пайыз;
  • Жезқазғанда — 15 пайыз;
  • Алматы — 13,4 пайыз;
  • Ақтау — 13,3 пайыз;
  • Павлодарда — 13,7 пайыз;
  • Орал қаласында — 11,8 пайыз;
  • Талдықорғанда — 12,3 пайыз.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 13 тауық жұмыртқасын өндірушіге бағаны төмендету туралы хабарлама жіберілді. Олар Шымкент, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Атырау облыстарында орналасқан құс фабрикалары.

«Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды. Сонымен қатар бағаның күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл құс тұмауының өршуі және құс басының 15 пайызға қысқаруы, сондай-ақ азық құнының 150 пайызға артуы», — деп толықтырды агенттікте.

Қазіргі кезде құс фабрикалары «Адель-кус» ЖШС, «Алекри» ЖШС, «Алсад» ЖШС, «Алель Агро» ЖШС, «Агроинтерптица»ЖШС. «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «Сары-Бұлақ» ЖШС және «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС құстардың өліміне байланысты тауық жұмыртқасын өндірмейді.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басында Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа бағасының негізсіз көтерілгенін мәлімдеген болатын. Ведомство бағаның өсуінің бірқатар негізгі себептерін атап өтті. Жұмыртқа бағасын негізсіз көтеру мәселесімен олар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне айналысуды ұсынды.

Кейінірек Сауда және интеграция министрлігі жұмыртқа бағасының өсуімен байланысты түсініктеме беріп, бағаның өсуіне не себеп болғанын айтып берді.

Добавить комментарий