Қазақстан Республикасында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа рекорды тіркелді — 2842 жағдай. Пандемия басталғалы бері COVID-19-дың 269 519 жағдай анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық пневмония жағдайларын есепке алуда, бірақ бұл COVID-19 бойынша статистикаға қосылмайды.
Өңірлер бойынша ауруға шалдыққандар саны:
Алматы — 709;
Нұр-Сұлтан — 591;
Алматы облысы — 355;
Қарағанды облысы — 210;
Ақтөбе облысы — 202;
Атырау облысы — 131;
Батыс Қазақстан облысы — 127;
Ақмола облысы — 103;
Шымкент — 88;
Шығыс Қазақстан облысы — 60;
Жамбыл облысы — 49;
Солтүстік Қазақстан облысы — 46;
Қызылорда облысы — 42;
Павлодар облысы — 42;
Қостанай облысы — 33;
Маңғыстау облысы — 30;
Түркістан облысы — 24.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған 9 сәуір күнгі статистика.