Мозамбик президенті Филипе Ньюси Палма қаласын лаңкестерден тазарту жұмыстары сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеме жасады.
«Лаңкестер Палмадан қуылды, алайда толығымен жеңдік деп айта алмаймыз, өйткені біз терроризммен бір құбылыс ретінде күресіп жатқанымызды түсінеміз», — деп Мозамбиктің El Pais газеті мемлекет басшысының сөзін келтіріп. Филипе Ньюси экстремистердің сын-қатерлеріне қарсы тұру үшін Мозамбик халқын бірлікке шақырды.
«Қарулы күштер мен бейбіт халық арасында өзара көмек пен сенім бола алмаса ешқашан жеңіске қол жеткізе алмаймыз», — деп атап өтті Президент.
Исламшылардың жасақтары 24 наурыз күні Кабу-Делгад провинциясында орналасқан Палма қаласына шабуыл жасап, оны басып алған. Лаңкестерді Палмадан тазарту операциясы 28 наурызда басталды. Үкіметтік бөлімдер 31 наурыз күні Палманың орталық көшелеріне бақылау орнатты, алайда қала маңындағы ұрыстар жалғасты. Мемлекет басшысы қазір билік қаланың толық бақылауына алғанын жариялады.
Палма Мозамбик үшін маңызды мәнге ие, себебі қаладан 10 шақырым қашықтықта Total француз энергетикалық тобы табиғи газды өңдеу және сұйыту кешенінің құрылысын жүргізуде. Ол 2024 жылы іске қосылуы тиіс. Бірақ ол жерде жұмыстар террористік қауіп-қатерге байланысты екі рет тоқтатылған. Соңғы рет 27 наурызда Total өз қызметкерлерін Кабу-Делгаду провинциясының әкімшілік орталығы Пемба қаласына көшіруге кіріскенде жұмыс тоқтатылғанын жариялаған. Палма ауданынан Total-мен келісімшарт бойынша түрлі компанияларда жұмыс істеген 2 мыңнан астам шетелдік азаматтар шығарылды.
Мозамбиктің солтүстік өңірі Кабу-Делгаду провинциясында 2017 жылдан бастап «Аш-Шабаб» исламшыл террористік тобы және «Ислам мемлекеті» құрылымы (ҚР-да тыйым салынған) — ISCAP («Орталық Африка провинциясы ИМ») әрекет етеді. Олар елдің осы бөлігінде өздерінің бақылауындағы Ислам мемлекетін құруды мақсат етіп отыр.