Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева қызметінен босатып, орнына Берік Шолпанқұловты тағайындау туралы өкім шығарды.
Берік Шолпанқұлов 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген; 2016 жылы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде магистратураны «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылдан 2001 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы қазынашылықтың касса қаражаты және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы, қолма-қол ақша және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің бас қазынашысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің қолма-қол ақша басқармасы ағымдағы қалдықтарын басқару бөлімінің бастығы;
2001-2004 жылдары — қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы;
2004-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары;
2008 жылдан 2014 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
2014-2016 жылдары — ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
2016 жылғы қарашадан желтоқсанға дейін — ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы;
2016 жылғы 28 желтоқсаннан бастап — ҚР Қаржы вице-министрі.
2019 жылдың наурызынан — ҚР Қаржы бірінші вице-министрі.