Әйел адам бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Жамбыл полицейлері базарда әмиянды ұрлады деген күдікпен ұсталған әйелдің басқа да бірқатар ұрлық жасағанын мойындағанын хабарлады.

Меркі ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрланғанын айтып жүгінді. Мерке ауылында базар аралап жүргенде ол 40 мың теңге, банк картасы мен жеке құжаттары салынған әмияны жоғалғанын байқаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін ішкі істер органдарында есепте тұрған Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті осы қылмысты жасағанын, сондай-ақ 2020 жылы дүкен витринасынан 850 мың теңге сомасындағы алтын бұйымдар салынған науаны және 2019 жылы Жамбыл облысында дүкен кассасынан 128 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағанын мойындады. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий