АҚШ-та хакерлер киберқауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің есптік жазбасын бұзды

Хакерлер кибер шабуыл жасап SolarWinds клиенттері мен үкіметтің есептік жазбаларына қол жеткізді. АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі басшысының және киберқылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бірнеше қызметкерінің аккаунты бұзылды.

Дереккөздердің мәліметінше, АҚШ-тың сол кездегі ішкі қауіпсіздік министрі Чэд Вулф туралы және шетелден төнетін қауіп-қатерлерді қадағалаумен айналысатын киберқауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері туралы сөз болып отыр.

Вулфтың өзі бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартып, оның бірнеше электронды пошта аккаунты болғанын атап өтті.

Әкімшіліктің бұрынғы шенеуніктерінің бірі АҚШ-тың азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) да кибершабуылға ұшырағанын мәлімдеді.

Бұл ретте ведомствоға SolarWinds бағдарламалық қамтамасыз етуді қанша сервер пайдаланғанын анықтау үшін бірнеше апта уақыт қажет болды.

Дереккөздер министрлер кабинетінің кем дегенде тағы бір мүшесіне хакерлер шабуыл жасағанын айтты.

Әкімшіліктің аты аталмаған бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, хакерлер Энергетика министрлігі қызметкерлерінің, оның ішінде бұрынғы министр Дэн Бруйетттің жеке кестесіне қол жеткізген.

«SolarWinds-қа шабуыл біздің шетелдік қарсыластарымыз үшін жеңіспен және ішкі қауіпсіздік министрлігі үшін сәтсіздікпен аяқталды», — деп келтіреді агенттік сенатор Роба Портманның сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, хакерлер SolarWinds компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі фирма клиенттеріне 2020 жылдың желтоқсанында шабуыл жасаған болатын. АҚШ-та РФ-ны шабуылға қатысы бар деп айыптады.

Вашингтон АҚШ-тың үкіметтік мекемелері ұшыраған шабуылдың мақсаты барлау қызметінің мәліметтерін алу болғанымен, шабуылды ұйымдастырушылар «сезімтал ақпаратқа» қол жеткізе алмады деп мәлімдейді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудің кибер шабуылдарға қатысы жоқ деп атап өтті.

РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ-тың Ресейдің америкалық федералдық ведомстволарға жаппай хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптары дәлелсіз екенін айтты.

Добавить комментарий