Беларусь ІІМ тағы екі Telegram-арнаны экстремистік деп таныды

Беларусьта «Витебск 97%» және «Чат невероятного Витебска» Telegram мессендеріндегі арналар экстремистік деп танылғанын хабарлады. ІІМ аталған ақпараттық көздеп отырған мақсаты — елдің конституциялық құрылымын өзгерту екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін бірқатар Telegram-арналар мен чаттар экстремистік деп танылған, олар азаматтарды рұқсат етілмеген акцияларға қатысуға шақырған және олар арқылы шерушілер өз жоспарларын үйлестірген.

«Тағы екі интернет-ресурс экстремистік деп танылды. «Витебск 97%» және “Чат невероятного Витебска» Telegram-арналары ІІМ-нің ҰҚСҚББ (ұйымдық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас басқармасының) витебтік басқармасының материалдары бойынша тыйым салынғандардың тізіміне енді. Мұндай шешімді 25 наурыз күні Витебск Теміржол ауданының соты қабылдады», — делінген ІІМ-нің Telegram-арнасындағы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған пабликтерде бірнеше рет мемлекеттік органдар мен азаматтардың мүлкін зақым келтіруге, жаппай тәртіпсіздікке, бұзақылыққа, вандализмге, милиционерлермен қақтығысуға шақырған, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлерді қорлаған.

«Мұндай материалдардың мақсаты — Беларусьтің конституциялық құрылымын өзгерту», — деп мәлімдеді ІІМ.

Сондай-ақ олар енді осы топтан ақпаратты жариялағаны және репост жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусьте 2020 жылғы 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін, ОСК мәліметінше, 80,1% дауыс жинаған Александр Лукашенко алтыншы рет жеңіске жеткен болатын, елде оппозицияның жаппай наразылық шаралары басталды, Минскіде және өңірлерде олар жаппай тәртіпсіздікпен ұштасты. Әскери күштер оларты тарату үшін арнайы құралдар мен арнайы техниканы пайдаланған. Ел билігі үш шерушінің қаза тапқанын ресми түрде растады. Акциялар біртіндеп жергілікті сипатқа ие болды және адам саны азайды.

Беларусь МҚК 11 ақпанда елдегі жағдай тұрақтанып, наразылық шаралары басылып, олардың көріністері мүлдем жойылғанын мәлімдеді.

Беларусьте бірқатар оппозиция жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды, оларға билікті басып алуға шақыру, экстремистік құрылым құру, мемлекеттік билікті конституциялық емес жолмен басып алу мақсатында қастандық жасады деген айып тағылды.

Добавить комментарий