Өскемен қаласында 2021 жылғы 27 наурыз күні теміржолдың бойында ер адамның мәйіті табылды.
Қайғылы оқиға Согра ауданында тіркелді, қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қаза болу фактісі Қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігі жүрісі пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша «Өскемен-1» станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізілімінде тіркелді, — деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көліктегі ПД басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті.