Қайрат Келімбетов Қазақстанның жалпыұлттық басымдықтары туралы пікірімен бөлісті

ҚР Реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы еліміз үшін жалпыұлттық басымдықтардың ең басты бағыты ел азаматтарының әл-ауқаты мен сапалы білім мен денсаулық сақтаумен байланысты мәселелер болып табылады деп санайды.

Біздің барлығымыз мемлекетіміздің осы немесе басқа әлеуметтік ішкі жүйесінің, әсіресе пандемия кезінде қаншалықты маңызды екенін сездік. Іс жүзінде барлық елдер денсаулық сақтауды дамыту модельдерін, денсаулық сақтаудың әртүрлі бағдарламаларын қаржыландыру сапасын байыпты түрде қайта қарады

Сондықтан денсаулық сақтауды дамытудың қолжетімді және тиімді жүйесінің басымдығы — мемлекет айналысатын негізгі бағыт. Бізде медициналық мекемелерді қайта жарақтандыру, барлық негізгі қалалар мен облыстарда жаңа заманауи медициналық орталықтар салу бойынша маңызды жоспарлар бар.

Сондай-ақ ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша өте маңызды жоспарлар бар. Денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен тиімділігі — еліміздің басты басымдығы», — деп түсіндірді Қайрат Келімбетов баспасөз конференциясы барысында.

Агенттік төрағасының айтуынша, сапалы білім мен Әлеуметтік кодекс та осындай басты басымдық болып табылады.

«Білесіздер ме, 2025 жылға дейін 800 мектеп салынады. 2025 жылға қарай үш ауысымды мектептер мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. 2030 жылға қарай екі ауысымды мектептердің проблемалары да шешілетін болады. Ең бастысы барлық өңірлер мен ауылдық елді мекендерде жылдам және сапалы интернетке қол жеткізу. «Әділетті әлеуметтік саясат» міндеті мемлекеттің маңызды басымдығы болып табылады. Мемлекет басшысының Әлеуметтік кодексті әзірлеуді тапсыруы кездейсоқ емес. Биылғы жылдың соңына дейін Үкімет Әлеуметтік кодексті әзірлеумен айналысады», — деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

Добавить комментарий