Бүгін ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қорытынды емтихандары туралы айтып берді.
9-11 сынып түлектерін үшінші тоқсаннан бастап оқыту үшін қабылданған шешім, әрине, қорытынды емтихан тапсыруға байланысты болды. 9-сынып және 11-сынып оқуышылары үшін бұл маңызды.
Сондықтан біз дайындалып жатырмыз, оқушылар, мектептер бірыңғай қорытынды емтихандарды тапсыруға дайындалуда, бұлар қажет. Бұл құжат — негізгі мектепті және орта мектепті бітіргені туралы аттестат алуға құқық беретін қорытынды аттестация.
Сол себепті бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы дайындалуда, біз қорытынды аттестаттау биыл өтеді деп есептейміз, — деді Каринова.
Оның айтуынша, 9 сыныптар үш пән бойынша — математика, қазақ және орыс тілдерінде оқыту тіліне негізделген емтихан тапсырады. Ал 11 сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады, олар министрдің бұйрығында көрсетілген.
Сондықтан балалар, түлектер емтихан тапсырады деген шешім қабылданды. Бірақ тағы бір рет айтып өтейін, қазір әңгіме тек төртінші тоқсанның басы туралы болып отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сүйене отырып, жекелеген шешімдер қабылданатын болады, — деп нақтылады ведомство өкілі.