COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинасын өндірушілер Еурокомиссия препаратты ресейлік болғаны үшін ғана елемей отырғанын мәлімдеді

Коронавирустық инфекцияға қарсы «Спутник V» вакцинасын өндірушілердің мәлімдемесіне сәйкес, Еурокомиссия препараттың ресейлік болғаны үшін тиімділігі мен қауіпсіздігін елемей, оны қолдануға қарсы болып отыр.

Бұндай мәлімдемені ішкі нарық мәселелері жөніндегі еурокомиссар Тьерри Бретонның «Спутник V» Еуроодаққа «мүлдем қажет болмайды», және ЕО-ның жаппай өндіріске және мақұлданған вакциналарды бөлуге назар аударуы керек деген пікіріне жауап ретінде айтты.

Ресейлік вакцина Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігінде тіркеу процедурасынан өтіп жатыр.

«Біз вакцина өндірген бірінші құрлықпыз. Бізге «Спутник V» вакцинасы мүлдем қажет болмайды. Ресейліктер өндірісте өте қиын проблемаларға тап болуда және егер олар мұқтаж болса, біз екінші жартыжылдықта көмек қолын созамыз», — деп мәлімдеді еурокомиссар.

«Спутник V»-ті ілгерілетумен және сатумен айналысатын Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Тьерри Бретонның «вакцина ресейлік болғаны үшін ғана препаратқа қарсы екені белгілі» деп жауап берді.

«Ол ЕО-да мақұлданған басқа вакциналармен салыстырғанда Спутник V-тың жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін елемеуде. Оның айтқан сөздері Еуропалық дәрі-дәрмек жөніндегі агенттікте «Спутник V»-ты тіркеу процедурасын аяқтамауға мәжбүр етеді, себебі Тьерри Бретон ЕО-да вакцинация жақсы өтіп жатыр, ал «Спутник V» қажет емес деп санайды», — делінген вакцинаның Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Добавить комментарий