Ресейлік дипломаттың жүргізушісі ұрланған велосипедтерді сатып келген

Ресейдің Франциядағы Бас консулдығының дипломаттарының бірінің қырық жасар жүргізушісі ұрланған мүлікті, дәлірек айтқанда электровелосипедтерді сатты деген күдікке ілінді.

Францияның Қоғамдық Хабар таратушысы France Bleu РФ азаматының қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін көрсететін материалдар жариялады.

Бұл оқиға ақпан айында Страсбург мэрінің бұрыңғы орынбасарының электровелосипеді ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған сәттен басталды. Велосипедті Ален Фонтанель Еуропа Кеңесі француз өкілдігінің маңындағы тұраққа қойып кеткен, артынан оны қалдырған жерінен таба алмай қалған, ол сол себепті полицияға жүгінді.

Арада көп уақыт өтпей бұрынғы шенеунік өзінің велосипедін Leboncoin жеке хабарландыру сайтына сатуға қойылғанын көрді. Ол бұл ақпаратты полицейлерге жеткізді, тәртіп сақшылары сол жерге сатып алушылар ретінде барды. Сатушы кездесуді РФ Бас консулдығының алдына белгіледі.

Велосипедты арзан бағаға сатпақ болған. Полицейлер ресейлік жүргізушінің жалпы сомасы жүз мың еуро болатын іздеуде болған басқа да велосипедтерді сатуы мүмкін деп пайымдады.

Жүргізуші күдікке ілінгеннен кейін ол Франциядан Ресейге кетті. Бас консулдық денсаулық жағдайына байланысты кеткенін айтты. Дипломатиялық өкілдік түсініктеме беруден бас тартты.

Күдіктінің аты-жөні айтылмады.

Добавить комментарий