2013 жылы Бостонда лаңкестік шабуыл жасап, бейбіт тұрғындардың өмірін қиған террорист Джохар Царнаевты АҚШ-тың апелляциялық соты өлім жазасына кескен болатын.
Жақында АҚШ Жоғарғы соты АҚШ Әділет министрлігінің Джохар Царнаевтың ісін қайта қарау туралы өтінішін қарауға келіскені белгілі болды.
Сот Әділет министрлігі бұрыңғы президент Дональд Трамптың әкімшілігі кезінде берілген апелляцияны қарайды. Президент Джо Байден әкімшілігі Трамп әкімшілігінің сотта қарауды күтіп отырған басқа бірнеше істер сияқты бұл іске де көзқарасын өзгертуді жоспарламайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы 15 сәуірде Бостонның орталығында марафонның мәре сызығының маңында арасы 12 секунд болған екі жарылыс болды, соның салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақат алды. Бұл теракт 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейінгі екінші ауқымды жарылыс болды.
Джохар Царнаевтың адвокаттары оның терактіге қатысы бар екенін мойындағанымен, Джохарды террорлық шабуылды ұйымдастыруға Тамерлан ағасы тартты деп сендіреді. Оны полиция атып өлтірді.
2015 жылы 25 маусымда Царнаевқа сот үкім шығарып өлім жазасына кесті. Бостон марафонындағы терактіні тергеуге кедергі келтірген қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевты америкалық түрмеден мерзімінен бұрын босатылып, отанына депортацияланды.
2020 жылы 31 шілдеде бірінші округтің апелляциялық соты Джохар Царнаевтың өлім жазасына кескен үкімнің күшін жойды. Апелляциялық сот Бостонда өткізілген іс бойынша әділ алқабилерді іріктеуге кедергі келтірді деген Царнаевтың адвокаттарымен келісті.