Болгария СІМ: Ресейлік екі дипломат 72 сағат ішінде кеуі керек

Болгария СІМ екі ресейлік дипломатты нон грата тұлға деп ресми түрде жариялап, олардың елден кетуіне тура 72 сағат бар екенін хабарлады.

Бұл туралы 22 наурыз, дүйсенбі күні болгар ведомствосының басшысы Екатерина Захариева мәлімдеді.

Федерация Кеңесі Софияда «Русофилдер» қозғалысының мүшелерін ұсталуына байланысты республиканың Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады

«Біз прокуратурадан дипломаттар Вена конвенциясына сәйкес келмейтін қызмет атқарып келеді деген хат алдық», — деп жазды ол Facebook-те.

Сол күні Болгария СІМ Софиядағы Ресей елшілігінің екі қызметкерін нон грата түлға деп жариялады.

Бұдан басқа, Болгарияның округтік әскери соты РФ пайдасына тыңшылық жасады деген күдіктілердің бесеуін қамауда қалдырды, олардың ұсталғаны туралы 19 наурызда болгар прокуратурасы хабарлаған болатын.

Добавить комментарий