АҚШ-та билік басына Джо Байден келгеннен бері Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлай бастады. Дональд Трамптың АҚШ президенті ретінде болуы Ресей үкіметінің көңілінен шыққаны ешкімге құпия емес.
Трамп тұсында АҚШ РФ-ға қарсы санкция енгізу үшін ЕО-мен сыртқы саяси мәселелер бойынша аса қатты ынтымақтастықта болған жоқ. Мысалы, ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты АҚШ президенті енгізген санкцияларды көптеген сарапшылар тиімсіз және ештеңеге әсер етпейді деп мәлімдеген.
Джо Байден президенттіктің алғашқы күндерінде Ресей оппозицияға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапқа тартылуы керек деп мәлімдеді. Байден кезінде, америкалық үкіметтің пікірінше, оппозиционер Алексей Навальныйды қылмыстық қудалауға қатысы бар РФ-ның 7 жоғары лауазымды шенеунігіне қарсы, сондай-ақ биологиялық және химиялық улағыш заттарды өндірумен байланысы бар компанияларға санкция енгізіп үлгерді. АҚШ үкіметі осымен тоқтап қалған жоқ.
18 наурыздан бастап АҚШ тарапынан Навальныйды химиялық қарудың көмегімен өлтірмек болғаны үшін Ресей Федерациясына қатысты экспорттық шектеулер кеңейтіледі, қару-жарақ экспорты мен импортына, сондай-ақ қорғаныс мақсатындағы қызметтер көрсетуге тыйым салынады. Санкциялардың мақсаты — РФ химиялық қару ретінде пайдаланылуы мүмкін қос мақсаттағы америкалық технологиялар Ресейге қол жетімді болмау үшін жол бермеу.
РФ-ның АҚШ-тағы 2020 жылғы президенттік сайлауға араласқаны туралы хабарландыруға байланысты соңғы оқиғалар АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялардың жалғасатынын аңғартады.
АҚШ барлау қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, президент сайлауы кезінде РФ Джо Байденнің беделін түсіру үшін науқан жүргізген. Ресейлік үкіметтік ұйымдар тарапынан ықпал ету операциялары жүргізілді, олардың мақсаты: 1. Байден мен Демократиялық партияның беделін түсіру. Сол кездегі президент Дональд Трампқа қолдау білдіру.3 АҚШ-тағы әлеуметтік-саяси алшақтықты ушықтырып, АҚШ-тың сайлау процесіне деген сеніміне нұқсан келтіру.
Сондай-ақ, бұған дейін АҚШ үкіметі Ресей Федерациясы тарапынан кибершабуылдар жасағаны туралы мәлімдеген болатын. Жоғарыда аталған оқиғаларға байланысты CNN телеарнасы АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі үш дереккөзге сілтеме жасап, Джозеф Байденнің әкімшілігі келесі аптада Ресейдің сайлауға араласуына байланысты санкция жариялауы мүмкін екенін хабарлады. Шектеу шараларының егжей-тегжейі жария етілмеді.