Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы мұсылмандардың Рамазан айы кезінде вакцинацияға қалай қарауы керек екені туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, Рамазан айы 14 сәуірде басталады. Ләйләтул Кадір түні 9-ынан 10-ыншы мамырға қараған түні болады. Ораза айт мерекесі 13 мамырда аяқталады. Қазақстанда осы уақытта халықты жаппай вакциналау науқаны белсенді жүргізіледі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Хасан Аманқұл коронавируқа қарсы вакцина салдыру оразаны бұзбайтынын айтып берді.
«Шариғат бойынша оразаны ағзаға табиғи жолдармен — ауыз, мұрын, ішек арқылы түсетін нәрсе бұзады. Ал денеден түсетін нәрсе, бұл жағдайда коронавирусқа қарсы инъекция оразаны бұзбайды», — деді Хасан Аманқұл.
Ол исламдағы көптеген заманауи ғалымдар ағзаға укол арқылы енетін дәрілер организм үшін, оны емдеу үшін энергия ретінде қарастыратынын айтты.
«Егер укол тері астына бұлшықет ішіне енгізілсе, онда ораза бұзылмайды. Алайда инені тамырға енгізу мәселесінде ғалымдардың көзқарасы сәйкес келмейді. Ауруларды емдеу және алдын алу үшін пенициллин, инсулин, вакцина, ауруды басатын, дене қызуын төмендететін препараттар мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды», — деді Хасан Аманқұл.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды. Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық вакцина салдырады деп жоспарлануда.