ТЖМ қызметкерлері автобус жолаушыларын құтқарды

ТЖМ баспасөз қызметі Құмкент елді мекені маңында жол апатына ұшыраған автобус жолаушыларын құтқарғаны туралы хабарлады.

Облыстық маңызы бар Созақ-Тараз тас жолының 45 шақырымында көктайғақ салдарынан жолаушы тасымалдайтын YUTONG автобусы жол жиегіне шығып кеткені хабарланды.

Бұл туралы хабарлама 101 кезекші пультіне келіп түсті.

Оқиға орнына келген Түркістан облыстық ТЖД-ның 15 қызметкері мен техникасы жетіп, автобусты тазартылған жол учаскесіне алып шыққан.

Автобуста 29 адам, соның ішінде бала болған. Жолаушыларды Шолаққорған ауылына апара жатқан жолда, ТЖД қызметкерлері тағы төрт адамды құтқарып қалды, олардың арасында жүкті әйел мен бала болған. Олар Құмкент ауылында қар құрсауында қалып қойған.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 14 наурызда құтқарылған 33 адам Шолаққорған ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Добавить комментарий